«МашНефтеХим» ҒӨК ЖШҚ Ресейдің және таяу шетел елдерінің аумағындағы мұнай-химия, химия, энергетика және атом өнеркәсібі құбыржолдарын дайындау және жиынтықтау саласындағы мамандандырылған кәсіпорын болып табылады. Компания мынадай өнімді өндіреді: үшайырлар, бұрмалар, өтпеліктер, ернемектер, бітеуіштер, тіреуіштер, өтемдеуіштер, тығыздамалар, оқшаулағыш ендірмелер.
Сонымен бірге, «МашНефтеХим» ҒӨК ЖШҚ дербес сызбалар бойынша өнімдер өндіреді.
Өндіріс заманауи жабдықпен және қажетті нормативтік-техникалық құжаттамамен толықтай қамтылған.
Біздің компаниямыздың маңызды бәсекелестік артықшылығы құбыржолдарды сапаның тиісті деңгейінде өндіру мен одан әрі Тапсырыс берушіге талап етілетін уақытта жеткізу бойынша кешенді тәсілдеме болып табылады.
«МашНефтеХим» ҒӨК ЖШҚ кәсіпорнының даму тұжырымдамасы әрекет етуші өндірістерді кеңейтуге және жаңғыртуға, бәсекеге қабілетті өнім өндіруге, заманауи технологияларды енгізуге, жаңа сұрыпталымды меңгеруге бағытталған.