Болат ернемектерді ANSI стандарты бойынша (Америкалық стандарттар институтының талаптарына сәйкес) өндіреміз.
Аиерикалық ұлттық стандарттар институты (ағылш. American National Standards Institute, ANSI) — саудалық және коммуникациялық стандарттарды әзірлейтін америкалық өнеркәсіптік және іскерлік топтардың бірлестігі, ISO мүшесі.
ANSI стандартына ернемектердің келесі орындалуы кіреді: түйістіріп дәнекерленген/жағалық ернемек (Weld Neck), дәнекерленген ернемек (Slip On), бұрандасы бар ернемек (Screwed/Threaded), көмкермеленіп дәнекерленген ернемек (Lapped), дәнекерлеу астындағы ойындымен бірген дәнекерленген ернемек (Socket Weld).