Бұрыштықтар әдетте келесі тәсілмен дайындалады: диаметрі қажетті құбырлар алынады, содан кейін одан ұзындығы қажетті кесінді кесіледі, осы кесінді арнайы жабдықта бұрылу бұрышы 90 немесе 45 градусты құрайтын бұрыш ретінде бүгіледі, содан кейін оның ішінде бұранда кесіледі. Бұрыштықтар су мен газ өткізетін құбырлар үшін, жылыту, су өткізу, газ өткізу жүйелерінде және агрессивті емес орталарда (су, қаныққан су буы, жанғыш газ және т.б.) жұмыс істейтін өзге жүйелерде пайдаланады.
Бұрыштықтардың бұрандасы кескіштің көмегімен жонғыш станокта кесіледі. Бұрыштықтардың екі түрі болады: өтпелі бұрыштықтар және ауыспалы бұрыштықтар. Өтпелі бұрыштықтар бір-бірімен жалғанатын құбырлардың диаметрлері тең болған кезде пайдаланылады, ал ауыспалы бұрыштықтар бір-бірімен жалғанатын құбырлардың диаметрлері әртүрлі болған кезде пайдаланылады.
Қандай нормативтік құжат бойынша дайындалғанына байланысты бұрыштықтардың параметрлері мен орындалуы әртүрлі болуы мүмкін.

Бұрма — құбыржолдың бағытын өзгерту үшін арналған жалғастырғыш бөлшек. Бұрма белгілі бұрыш астында бүгілген құбырдың кесіндісі ретінде болады. Бұрмалар әртүрлі маркалы болаттардан дайындалуы мүмкін.
Бұрмалардың түрлері
Бұрмалар дайындалу тәсілі бойынша өзгешеленеді және мынадай түрлері болады:
Қалыпталған
Созу тәсілімен дайындалған
Қалыпталып дәнекерленген (ОКШ)
Дәнекерленген секциялық (ОСС)
Бүгілген (ОГ)
Тіке бүгілген бұрмалар болып шағын бүгілу радиусы бар (2Ду кем) және 45°, 60°, 90°, 180° бұрыштарымен дайындалатын бұрмалар аталады. Негізінен МЕМСТ 30753-01 бойынша (Болат: 20, 09Г2С) және МЕМСТ 17375-01 бойынша (Болат: 20, 09Г2С) бойынша 16 Мпа дейінгі максималды қысыммен қалыптау немесе созу тәсілі арқылы дайындалады. Жауапты нысандарда тіке бүгілген бұрмалар «П» индексімен дайындалуы мүмкін, бұл қадағалау органдарының бақылауы астында дегенді білдіреді. Тіке бүгілген бұрмалар сондай-ақ басқа нормативтік құжаттар бойынша, арнайы болаттарды қолдану арқылы, сондай-ақ 100 Мпа қысымына шақталып дайындалуы мүмкін.
Тіке бүгілген бұрмаларға сондай-ақ қақталған бұрмалар жатқызылады (халық арасында оны «иін» деп аталуы мүмкін). Ыстық қалыптау тәсілімен дайындалады, негізгі артықшылықтары — жоғары температуралар кезіндегі тозуға жоғары төзімділігі.
Бүгілген бұрмалар бүгілу радиусы 2 Ду бастап 10 Ду дейін, бұрыштары 3° бастап 90° дейін, градациясы 1° болып дайындалады. Бүгілген бұрмалар ыстықтай бүгу және салқындай бүгу деген 2 тәсілмен дайындалады. ТШ 102-488-95, ТШ 1469-515-25784132-09, ТШ 51-515-91, МЕМСТ 22793-83, МЕМСТ 24950-81, ССТ 36-42-81 бойынша, сондай-ақ өзге нормативтік құжаттар бойынша дайындалады. Олардың артықшылығы бүгілген бұрмаларды кез-келген бұрылу бұрышымен дайындауғаболатындығына негізделеді. ББ әртүрлі маркалы болаттардан дайындалуы мүмкін.
Қалыптап дәнекерленгендер (ОКШ) қалыпталған дайындамларды дәнекерлеу тәсілімен дайындалады. Негізінен ТШ 102-488-95, 102-488-05, 1469-014-01395041-07, 1469-016-01395041-08 және өзге нормативтік құжаттар бойынша дайындалады.
Дәнекерленген секциялық бұрмалар (ОСС) құбырлардың кесінділерінен немесе жаншылған болат табақтардан дайындалады. Мұндай бөлшектер негізінен ССТ 34.10.752-97, ССТ 36-21-77, ТУ 102-488-95 және өге нормативтік құжаттар бойынша дайындалады. Оларды өндіруге шығын аз жұмсалады, және сәйкесінше, бұл бұрмалардың бағалары тиімді.
Бұрмалар дайындалатын материал әртүрлі және осы құбыржол арқылы тасымалданатын ортаға және ол салынатын өңірдің климаттық жағдайына байланысты таңдалады.
Бұрмалардың қабылданған техникалық белгіленуі: PN(Pу) — номиналды (шартты) қысым; Рпр — сынамалы қысым; Pp – жұмыс қысымы; DN — шартты өтпе (номиналды өлшемі); d — бүйіржақтардың ішкі диаметрі; T— бүйіржақтардағы бөлшектер қабырғаларының қалыңдығы; TB — бүйіржақ қиылыстарындағы емес бұрмалар қабырғасының қалыңдығы; С — бұрмалардың бүйіржақтарының орталары арасындағы өлшемі = 180°; В — бұрмалардың бүйіржақтарының тегістігі мен сыртқы беткі қабатындағы нүктесі арасындағы анағұрлым алшақ өлшемі и = 180°; F— бұрмалардың бір бүйіржағының тегістігі мен екінші бүйіржағының ортасы арасындағы өлшемі и = 90°; H — бұрмалар бүйіржақтарының тегістіктерімен қиылысатын нүктелердегі осьтік сызыққа қатысты қиылысу нүктесі мен бүйіржақ тегісінің арасындағы өлшемі и = 45°; R — осьтік сызықтың қисықтық радиусы (бүгілу радиусы); W— бұрмалар бүйіржақтарының тегістіктерімен қиылысатын нүктелердегі осьтік сызыққа қатысты қиылысу нүктесі мен бүйіржақ тегісінің арасындағы өлшемі и = 60°; и — бұрмалардың бүйірдақ тегістіктері (бүгілу бұрышы) арасындағы бұрыш; P — бүйіржақтардың тегістіктері мен осьтік сызықтың орналасуындағы ауытқу; Q — бұрмалар бүйіржақтары тегістіктерінің орналасуындағы ауытқуы и = 45°, и = 60°, и = 90°, үшайырлар мен өтпеліктер;U— бұрмалар бүйіржақтары тегістіктерінің орналасуындағы ауытқуы и = 180°.
Болат құбырлар негізінен мұнай-газ, химия, энергетика және атом өнеркәсібіндегі технологиялық және магистарльдық құбыржолдардың құрылысы, қайта құру және жөндеу кезінде пайдаланылады.