Бүгілген иін — құбыржолдың дәнекерленген бөлшегі, ол тасымалданатын орта ағысының бағытын өзгертуге бағытталған, ыстықтай және салқындай бүгу тәсілімен дайындалды. Ағыстың бағыты құбырларды жобада талап етілетін бұрыш астында құбырмен байланыстыру арқылы өзгертіледі. Жұмыс ортасының ағысы бұрылатын бұрыш (немесе иіннің бүгілу бұрышы) 15, 25, 30, 45, 60, 90 және 180 градустарының мәнін қабылдауы мүмкін.
Бүгілген иіндер ЖҚ 03-94 талаптары таралатын құбыржолдарды қолдануға арналған.
КСРО Мемқұрылыс бекіткен ҚНжЕ 3.05.05-84 бойынша құбыржолдарды дайындауға арналған осы стандарт бойынша бүгілген иіндерді қолдануға рұқсат етіледі.
Диаметрі 57 мм және қабырғасының қалыңдығы 3 мм құрайтын, а = 150 мм, а1 = 150 мм тіке учаскелері бар, ұңғысының ұзындығы 614 мм, шартты қысымы 4,0 МПа құбырдан ағыстың бұрылу бұрышы 60° құрайтын бүгілген иіннің шартты белгіленуінің мысалы:
Бүгілген иін 60° 57×3 — 150×150 — 614 — 4,0 ССТ 34 10.750-97
Материалы — ССТ 34 10.747 бойынша құбырлар, 4 және 5 тараулар.
Өлшемдердің көрсетілмеген шекті ауытқымалары ±
Дәнекерлеуге арналған иіндердің жиектерін және оларды құбыржолдармен дәнекерлеуге ССТ 34 10.748 бойынша қойылатын талаптар, бұл ретте жонып тегістелген иіндердің диаметрлері және жонып тегістелген жердегі қабырғалардың рұқсат етілген минималды қалыңдықтары жалғанатын құбырлардың өлшемлеріне байланысты таңдалады.
Қалған талаптары ССТ 34 10.766 бойынша қойылады.