Сильфондық өтемдеуіш — құбыржолдардың температуралық кеңеюін өтеу үшін, құбырлардың бұзылуына жол бермеу үшін, діріл жүктемелерін азайту және құбыржолдардың саңылаусыздығы үшін арналған құрылғы. Өтемдеуіш кеңірдектелген қабырғасы, бағығыттаушы келте құбыры, қорғаныс қамыты мен жалғаушы және шектеуші екі арматурасы бар құбырдан тұрады.
Өтемдеуіштерді қолдану мақсаттары:
құбыржолдардың температуралық кеңеюін өтеу;
құбыржолдар деформацияланған кезде құбырлардың бұзылуына жол бермеу;
құбыржол жүйелерінде осьтілік еместілікті теңестіру;
қысымды және сорғыш құбыржолдарды агрегаттарға (сорғылар, турбиналар, өтемдеуіштер, қозғалтқыштар жән т.с.с.) жалғау;
діріл жүктемелерін төмендету және құбыржолдарды саңылаусыздандыру.
Сильфондық өтемдеуіштердің орындалу мүмкіндіктері:
секциялар саны: бір немесе екі секциялық (бір немесе екі сильфон);
өтемдеуіштің орындалуы: ішкі экраны және (немесе) қорғаныс қаптамасы бар;
сильфон: тоттанбайтын болат 08Х18Н10Т, 12Х18Н10Т
келте құбыр, ернемек: 20 маркалы болат немесе 08Х18Н10Т, 12Х18Н10Т маркалы тоттанбайтын болат;
қаптама, түйреуіш: 20 маркалы болат немесе 08Х18Н10Т, 12Х18Н10Т маркалы тоттанбайтын болат;
біріктіру типі: дәнекерлеу арқылы, ернемекті, бұрандалы;
шартты диаметрі: DN 15 мм бастап 12000 мм дейін;
жұмыс қысым: вакуумнан бастап 150 бар дейін;
температуралық тәртібі: -260 С бастап 750 С дейін;
Өткізгіш орта: су, бу, газдар, ауа, мұнай, агрессивті орталар.
Сильфондық өтемдеуіштердің артықшылықтары:
Пайдаланудағы сенімділігі;
Өтемдеуіштердің беріктігі;
Өтемдеуіштердің оңай монтаждалуы;
Өтемдеуіштер қызмет ететін мерзім ішінде қызмет көрсетуді талап етпейді;
Өтемдеуіштерді көп рет (осьтік, бұрыштық, жылжымалы, дірілдік) пайдалану;
Өтемдеуіштерді жеке тапсырыс бойынша дайындау мүмкіндігі.
Барлық өнімдер олардың әр түріне арналған нормативтік-техникалық құжаттарға қатаң сәйкестікпен шығарылады.