Өтпелік — құбыржолдың диаметрін бірқалыпты өзгертуге арналған бөлшек. Өтпеліктер кез-келген типті құбыржолдарда; энергетика, мұнай, газ және химия өнеркәсібі кәсіпорындарында, құбырларды диаметрі өзгерген жерлерде жалғау үшін қолданылады. Өтпеліктер концентрлік және эксцентрлік болып бөлінеді.
Компания жоғары қысым (Pу 25, 32, 40, 63, 100, 160 МПа), криогендік температуралар, ауыр климаттық жағдайлар кезінде жұмыс істей алатын стандартты емес бұрмалар мен олардың әр түрлеріне деген сұранысты қанағаттандыра алады.
Тапсырыс берушімен келісу арқылы, басқа өлшемдері мен бұрыштары бар өнімді дайындауға рұқсат етіледі. Қабырғасының қалыңдығы ұлғайтылған өнімді дайындауға рұқсат етіледі. Өтпеліктерді мынадай маркалы болаттардан дайындауға болады: 20, 09Г2С, 13ХФА, 15Х5М, 12Х1МФ, 12Х18Н10Т, 08Х18Н10Т, 09ГСФ, 20А, 20С, 20ЮЧ, 10Г2ФБЮ, 03Х17Н13М2Т