Сыртқы диаметрі 18 мм бастап 1420 мм дейінгі технологиялық құбыржолдардың құрылыы кезінде құбырларды бекіту үшін арналған. Шартты диаметрлері: 18, 25, 32, 38, 45, 57, 76, 89, 108, 133, 159, 219, 273, 325, 377, 426, 530, 630, 820, 1020, 1220, 1420.
Тіреуіштерді орнатқан кездегі негізгі талаптар:
тіреуіштердің құбыржолдармен тығыз байланысуы қажет;
тіреуіштердің жобалық күйден ауытқуы орынжайдың ішінде орнатылатын құюыржолдар үшін 5 мм-ден және сыртқы құбыржолдар үшін 10 мм-ден аспауы тиіс;
тіреуіштердің еңісін тексеру қажет;
тіреуіштердің серіппелері жобалық нұсқауға сәйкес тартылуы тиіс;
монтаждау кезінде тіреуіштердің серіппелеріне күш түспеуі тиіс;
арналардың түбінде орнатылған тіреуіштер түбіндегі судың еркін ағуына кедергі болмауы тиіс.
Үйкелу салдарынан күш түсуді азайту үшін тіреуіштердің арнайы құрылымдарын орнату қажет.
Барлық өнімдер олардың әр түріне арналған нормативтік-техникалық құжаттарға қатаң сәйкестікпен шығарылады.