Үшайыр — бұл негізгі құбырға қосымша тармақтарын жалғауға мүмкіндік беретін, үш саңылауы бар құбыржолдығ жалғаушы бөлшегі. Оларды мұнай-газ, химия, энергетика кешеніндегі және атом өнеркәсібіндегі кәсіпорындар пайдаланады. Құрылымына байланысты үшайырлар өтпелі және тең өтпелі үшайырлар болып бөлінеді, және болаттың көміртекті маркаларынан, сондай-ақ тоттанбайтын болаттан дайындалады. Болат үшайырлар мұнай, газ және т.с.с. тасымалдайтын отандық құбыржолдарда пайдалануы мүмкін. Үшайырларды өндіру үшін мынадай тәсілдер пайдаланылады: ыстықтай қалыптау, гидроқалыптау. сондай-ақ дәнекерленген, қақталған және ұшталған үшайырларды дайындауға болады. Көптеген жағдайларда өндіріске арналған дайындама ретінде жіксіз құбырлар немесе электрлік дәнекерлеу құбырлары пайдаланылады.
Жалғау тәсілі бойынша болат үшайырлар әдетте дәнекерлеу арқылы дайындалады, бірақ ернемекті немесе бұрандалы жалғанатын үшайырлар да қолданылуы мүмкін.
Қалыпталған үшайырлар МЕМСТ 17376-01 бойынша болаттардың көміртекі маркаларынан дайындалуы мүмкін, ал дайындаушы зауыттың ТШ бойынша болаттардың тоттанбайтын маркаларынан және арнайы болаттан дайындалуы мүмкін.
Қалыптап дәнекерленген үшайырлар (ТШС) магистральдық және өнеркәсіптік үшайырлар үшін, 219 мм бастап 1420 мм дейінгі диамтермен, жұмыс қысымы 10,0 МПа дейін дайындалады. Осындай үшайырлар негізінен мұнай және газ өнеркәсіптері үшін қолданылады. ТШ 102—488-95, ТШ 1469-014-01395041 бойынша дайындалады. Сондай-ақ болат үшайырлар өзге ТШ бойынша дайындалуы мүмкін.
Үшайырлар 20, 09Г2С, 17Г1С, 20А, 20С, 20ФА, 13ХФА, 09ГСФ, 10Г2ФБЮ, 20ЮЧ, 15Х5М, 15Х5М-У, 12Х1МФ, (08)12Х18Н10Т, 10Х17Н13М2Т, 03Х17Н14М3, 06ХН28МДТ маркалы және өзге маркалы болаттардан дайындалады.